NoFake

Екіден көп баласы бар отбасының несиесі 50 пайызға кешірілетіні рас па: агенттік жауабы

Flat lay cyber monday event sale elements dark background

Фото: freepik.com

Желіде екі және одан көп баласы бар отбасылардың 2026 жылы несиесі кешіріледі деген ақпарат тарады. Құзырлы агенттік түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желіде келесі жылы екі баладан көп баласы бар отбасының несиесі кешіріледі деген видео тарады. Онда ер адам: «Президент отбасында екі немесе одан да көп баласы бар жанұялардың несиесінің 50 пайызын кешіреді» деген ақпаратпен бөліседі. Сондай-ақ ол мұндай жеңілдікке қол жеткізу үшін, баланың туу туралы және неке куәлігі қажет болатынын, оны уәкілетті органға 30 күн ішінде тапсыру керек екенін айтады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«Несие амнистиясы жоспарланбаған. Осы орайда, жалған ақпаратқа сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қаржы нарығын зерттеу және дамыту агенттігі желіде трендке айналған «Құпия санта» ойыны сынды хабарламаларға сенбеуге әрі банк картасының деректерін желіге салмауға кеңес берген еді.

Оқу үшін