NoFake

WhatsApp пен Telegram-дағы ақпаратты қалай тексеруге болады

сообщение

Фото: Depositphotos

WhatsApp чаттары мен Telegram арналарында «таныс жіберді», «дәрігер айтты» деген хабарламалар жиі тарайды, бірақ олардың көпшілігі фейк болып шығады. nofake.kz/ мессенджерлердегі ақпараттың рас-өтірігін қарапайым қадамдар арқылы қалай тексеруге болатынын түсіндіреді.

1‑қадам. Тез жауап бермеңіз, алдымен ойланыңыз

Фейк хабарламалар көбіне эмоцияға әсер етеді. Олар көбіне «Шұғыл!», «Адамдардан жасырады», «Жойылмай тұрып жіберіңіз», «Барлығына таратыңыз» деген мазмұнда болады. Егер сізге ватсап немесе телеграм арқылы қорқыныш, алаңдатушылық немесе ашу туғызатын осы тектес хабарлама келген болса, оны таныстарыңызға жіберуге асықпаңыз.

вт
Фото: nofake.kz/

2‑қадам. Дереккөзді қараңыз

Өзіңізге сұрақ қойыңыз: Бұл хабарламаны сізге кім жіберіп отыр? Мұндай ақпаратты тараптып отырған ресми арна ма, әлде анонимді ме? Автордың аты-жөні, лауазымы, ұйымы бар ма? Осы адам немесе арнаны мессенджерден тыс табуға бола ма? «Танысым жұмыс істейді», «Дәрігер досым айтты» деген сияқты сөздер – сенімді дереккөз емес.

3‑қадам. Күн мен контекстті тексеріңіз

Көп адам ескі жаңалықтарды қайта таратып, қате жібереді. Ақпарат жарияланған күнді тексеріңіз. Кейде жаңалық бірнеше жыл бұрынғы болуы мүмкін. Ақпарат сіздің аймағыңызға және уақытыңызға қаншалықты қатысты екенін тексеріңіз. Көп жағдайда ескі фактінің жаңа контексте тарауы дезинформацияға ұласады.

4‑қадам. Мессенджерден тыс дереккөзден тексеріңіз

Негізгі сөйлемді көшіріп, іздеу жүйесіне (Google, Яндекс) салып көріңіз.. Жаңалық сайттарын тексеріңіз. Ресми сайттарды қараңыз (министрліктер, әкімдіктер, ДСҰ және т.б.). Егер жаңалық рас болса, оны бірнеше тәуелсіз дереккөздер растайды. Егер ондай ақпарат тек чаттарда болса, бұл мәліметтің күмәнді екенінің белгісі.

5‑қадам. Сурет пен видеоны тексеріңіз

Көбіне картиналар мен видеоларды контекстен бөліп алып, таратып жатады. Мәліметті сурет бойынша кері іздеу (Google немесе Яндекс) арқылы тексеруге болады.  Бұл қызмет арқылы фото не, видеоның бұрын кайда және қашан жарияланғанын біле аласыз. Сәйкессіздіктерге назар аударыңыз: кескіндер, дыбыс, монтаж Көп жағдайда «шок-видео» ескі немесе басқа елде түсірілген болып шығады.

6‑қадам. Мәтін логикасын тексеріңіз

Өзіңізге қарапайым сұрақтар қойыңыз: Неге бұл туралы басқа ешкім айтпайды? Кім үшін бұл ақпарат пайдалы болуы мүмкін? Нақты фактілер бар ма, әлде тек эмоция ғана? Фейк ақпаратта көбіне сан мен құжат көрсетілмейді. Жалпылама ақпарат қолданылды. «Жасырған шындықты» уәде етеді.

7‑қадам. Фактчек ресурстарын пайдаланыңыз

Ақпарат сенімсіз болса, сол туралы фактчек жобаларының тексеруін іздеп көріңіз. Сізге ақпарат жіберген Telegram-арна болса, оның фейк тарататын ақпарат көзі ретінде тіркелмегеніне көз жеткізіңіз.

Өзіңізге жіберілген ақпаратты ресми түсіндірмелермен салыстырыңыз. Тіпті сол туралы жазылған жаңалықтардың тақырыптарын қарап шығып-ақ, көп нәрсені түсінуге болады.

Оқу үшін