NoFake

Мемқызметшілерге корпоратив өткізуге тыйым салынды ма — агенттік түсіндірді

New year spend with friends celebrating

Фото: Freepik.com

Желіде мемлекеттік қызметшілерге биыл жаңа жылдық корпоратив жасауға тыйым салынды деген қауесет тарады. nofake.kz/ мәселені зерттеді.

Әлеуметтік желіде көпшілік мемлекеттік қызметкершілерге жаңа жылдық корпоратив жасауға тыйым салынды деген ақпарат қызу талқыланып жатыр.

Комментарий
Скрин әлеуметтік желіден

Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін, мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хабарластық.

«Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік қызметшілерге корпоративтік, мерекелік немесе басқа да ұжымдық іс-шараларға қатысуға тікелей тыйым салынбаған. Дегенмен, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексімен реттеледі. Бұл актілер мемлекеттік қызметтің абыройын және қоғамның сенімін қорғауға бағытталған қызметтік және қосымша мінез-құлық талаптарын белгілейді», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Атгенттіктің мәліметінше, Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі мыналарды қарастырады:

Біріншіден. Мемлекеттік органдардың абыройы мен беделін азаматтардың көз алдында айқын түрде түсіретін әрекеттерді жасауға жол бермеу;

Екіншіден. Дөрекілік, қадір-қасиетті төмендету, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өз әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшыратпайтын болу.

Агенттік өкілдері қандай да бір жағдайлар нақты бағаланатынын, бұл үшін іс-шараның форматы мен қоғамдық қабылдауды ескере отырып, әр мәселені жеке-жеке қарастыру қажеттігін айтады.

«Яғни, мәселе іс-шараларға тыйым салу туралы емес, мемлекеттік қызметшілердің этикалық принциптерін сақтауды қамтамасыз ету туралы болып отыр. Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның жүргізіп отырған жұмысы тек қызметтік этиканы бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының үлгісін қалыптастыру және негізсіз қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады», — деп түсіндірді мамандар.

Оқу-ағарту министрлігі де мұғалімдердің корпоратив ұйымдастыруына байланысты ресми тыйым салынбағанын алға тартты.

«Министрлік тарапынан ресми түрде ұстаздардың жаңа жылдық кеш өткізуіне тыйым салынған жоқ. Бұл сұрақ жергілікті білім басқармасының құзыретінде», — деді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, елордадағы мектептердің бірінде ата-аналар чатында оқушыларға өзара сыйлық беруге тыйым салынғаны туралы хабарлама тарап, тілшілеріміз шектеудің кімдерге қойылғанын анықтады.

Оқу үшін