NoFake

Алаяқтар жүк тасымалы кезінде қалай алдайды-ІІМ ескертеді

Фото: nofake.kz/

Автокөлік пен түрлі жүкті логистикалық онлайн-платформалар арқылы тасымалдау кезінде азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Қаскөйлер мессенджерлер арқылы байланысқа шығып екі тарапты да алдап соғады, деп хабарлайды nofake.kz/.

Polisia.kz мәліметінше, қазақстандықтар Della және Fa-Fa.kz сияқты сервистер арқылы көлік немесе жүк жөнелткенде алаяқтық жағдайларымен жиі бетпе-бет келеді. Көбіне тасымал Алматы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне бағытталады.

«Алаяқтар тапсырыс берушілерге өздерін автовоз жүргізушісі ретінде, ал нақты жүргізушілерге тапсырыс беруші болып таныстырады. WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, екі тараптың да сеніміне кіріп, тасымалдау шарттарын келісіп алады», — деп хабарлады полиция.

Кейін қала сыртына шыққан сәтте алаяқтар жүктің орнын ауыстырып, ұрланған мүлікті өз қалауларынша пайдаланады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарға жүргізушінің құжаттарын, көлік құралын мұқият тексеруге, телефон нөмірін хабарландырудағы нөмірмен салыстыруға және сервистегі пікірлермен танысуға кеңес береді. Күдік туындаған жағдайда қызметтен бас тартып, 102 нөміріне хабарласу қажет.

Оқу үшін