NoFake

Қарағандыда оқушыларға қауіп төнді деген ақпарат — жалған

20251114154358299 big

Фото: ІІМ

Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласындағы оқушыларға төнген қауіп туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Облыстық полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тараған хабарламаларға байланысты жедел тексеру жүргізілген. Балалардың қауіпсіздігіне төнген нақты қатер анықталған жоқ. Қаладағы жалпы білім беретін мектептер полицияның күшейтілген бақылауына алынып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды.

«Қазір аталған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау және ұстауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады полиция.

Полиция өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Оқу үшін