NoFake

1 млн теңгеден асқан аударым үшін кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті — жалған

1616bb0c 8642 4acb bd5d b0b1f8966318

Фото: semeytany.kz

Қаржы вице-министрі Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында  «1 млн теңгеден жоғары аударымдар үшін міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек» деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Ол БАҚ пен блогерлерді жарияланатын мәліметтерді мұқият тексеруге шақырды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Аударым сомасы 1 млн теңгеден асса да, жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Біз жеке тұлғалардың шоттарын жаппаймыз. Тек шығындар бойынша хабарлама жібереміз. Азаматтың жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет пе, әлде басқа жағдай ма – соның барлығын анықтаймыз», – деді Ержан Біржанов.

Виц-министрдің айтуынша, салықтық бақылау тек мына жағдайларда жүргізіледі:

жеке тұлғаға 100 түрлі адамнан ақша аударымдары түскенде;

мұндай аударымдар қатарынан үш ай бойы (мысалы, қаңтар, ақпан және наурыз айларында) келіп отырса;

осы кезеңдегі аударымдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асқанда.

Аталған талаптардың барлығы бір мезетте орындалған жағдайда, тұлға салықтық тексеруге ілігеді. Екінші деңгейлі банктер мұндай ақпаратты салық органдарына беруге міндетті.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Оқу үшін