NoFake

2026 жылы ҰБТ бола ма: Министрлік жауабы

WhatsApp Image 2025 12 12 at 18.21.45

Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

10 желтоқсанда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ұлттық тестілеу жүйесі енгізілмейтінін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін ата-аналар мен талапкерлер арасында алаңдаушылық туып, ҰБТ келесі жылдан бастап мүлде өткізілмейді деген пікірлер тарады. nofake.kz/ ҰБТ-ға қатысты қандай өзгерістер болатынын түсіндіреді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жаңа тестілеу жүйесі алдымен пилоттық режимде іске қосылады. Ол Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік университеттердің филиалдарына студент қабылдау кезінде сынақтан өтеді. Жаңартылған форматтың мақсаты — қазіргі ҰБТ-ның сапасын арттыру және оны әлемдік деңгейдегі толыққанды стандартталған емтиханға айналдыру.

ҰБТ-дағы өзгерістер 2027 жылы басталады

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова 2026 жылы қолданыстағы форматтың өзгермейтінін атап өтті.

«Әзірше жаңа тестілеу форматын пилоттық режимде Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік университеттердің филиалдарына түсу кезінде сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жаңартылған емтихан қолданыстағы ҰБТ-ның сапасын арттырып, толыққанды стандартталған қабылдау тесті ретінде әлемдік үздік стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Маңыздысы, 2026 жылы қолданыстағы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Жаңа жүйеге көшу 2027 жылдан кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастайды», — деді Гүлзат Көбенова.

Бұл мәлімдеме ата-аналар мен мектеп түлектері арасында алаңдаушылық туғызды. Алайда салалық министрлік ҰБТ-ны бірден алып тастау жоспары жоқ екенін нақтылап, әзірге ешқандай ресми шешім қабылданбағанын айтты.

Оқу үшін