NoFake

Музыка пәнінің мұғалімдері жаппай жұмыстан кетіп жатыр: министр мәселені түсіндірді

ZhuldizSulejmenova

Фото: profit.kz

Елімізде музыка мектептерінің мұғалімдері бірыңғай кадр жүйесіне қатысты шағым түсіріп жатыр. Олар жүйе ұстаздардың ставкасын төмендетіп, екі жерде жұмыс істейтін мұғалімдер үшін қиындық туғызғанын айтуда, деп хабарлайды nofake.kz/ порталы. 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. Ол мұндай мәселе барын растады, жақын арада ол оң шешім табатынын атап өтті. 

«Иә, ол мәселе болған. Қазір мен өзім Астана қаласындағы бірқатар музыка пәнінің мұғалімімен сөйлестім. Бастапқыда түсініксіздік неде болды? Біз барлығымыз мектептің мұғалімдерімен салыстырамыз. Мектептің мұғалімдері олар 25 балаға сабақ береді және олардың апталық жүктемесі бар. Оларға 1,5 ставкамен жұмыс жасауға еңбек заңнамасы мүмкіндік береді. Ал, музыка сияқты пәні мұғалімдерінің ерекшілігі — олар бір баламен немесе ең көп дегенде екі баламен жұмыс жасайды. Және осы жұмыстың ерекшелігі оларды екі ставкаға дейін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Менің ойымша бұл мәселе шешімін табады», — деді министр. 

Оралдық музыка пәнінің мұғалімі Анна Соломахина музыка мектептерінде жүктеме аптасына 36-40 сағат, алайда бірыңғай кадр жүйесі оны 27 сағатпен шектеп отырғанын айтқан еді. Бұл мәселе музыка мұғалімдерінің табысына кері әсер еткен. Соломахинаның айтуынша, қазір музыка мектептерінің мұғалімдері жаппай жұмыстан шығып жатыр. Олар нормативтерді түзеп, ставкаларды қалпына келтіруді, сондай-ақ бірнеше орында жұмыс істеу мүмкіндігін сақтауды және нақты жұмыс көрсеткішін әділ тарификациялауды талап етіп отыр.

Оқу үшін