Жаңа жылда отшашу туралы жиі айтылатын фейктер қандай

Фото: Gov.kz
Жаңа жыл жақындаған сайын дүкендер мен базарларда отшашу сатып алу көбейеді. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында пиротехникаға қызығушылық артады. Бірақ мерекелік көңіл-күй сыйлайтын фейерверктер туралы желіде де, тұрмыста да түрлі жалған ақпарат жиі таралады. nofake.kz/ отшашуға қатысты ең кең тараған 5 фейкті жинап, олардың шындығын түсіндіріп береді.
Бірінші фейк — базардағы пиротехника қауіпсіз деген түсінік. Нақтысы, тек сертификатталған дүкендерден сатып алу керек.
Екінші фейк — фейерверкті кез келген жерде қолдануға болады деген қате пікір. Қазақстанда балконда, аулада, адамдар көп жерлерде қолдануға тыйым салынған.
Үшінші жалған түсінік — балаларға қауіпсіз деген ой. Пиротехника балаларға мүлдем рұқсат етілмейді.
Төртінші фейк — шағын салют зиянсыз деген түсінік. Кез келген пиротехника жарақат немесе өрт қаупін тудырады.
Бесінші миф — айыппұл аз деген ой. Қазақстанда фейерверктерді заңсыз қолданғаны үшін азаматтарға 20 АЕК-ке дейін (~78 600 тг) айыппұл мен пиротехниканы тәркілеу қарастырылған.


