NoFake

Франция Пәкістан медиасы таратқан әскери жалған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды

Снимок экрана 2025 11 26

Фото: Hindustantimes

Пәкістандағы бірнеше медиа ресурс Operation Sindoor операциясына қатысты «француз офицері Пәкістанның әуе үстемдігін растады» және «Үндістанның Rafale жойылды» деген хабар таратқан. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жылдам тарап, қызу талқыланды. Алайда French Navy ресми мәлімдеме жариялап, бұл деректердің ешқайсысы шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Снимок экрана 2025 11 26
Скрин: Х.com/MarineNationale

Әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, жарияланған «дәйексөздер» — ойдан құрастырылған, ал аталған офицер мұндай мәлімдеме жасамаған. Тіпті ақпаратта көрсетілген офицердің аты да бұрмаланған: «Jacques Launay» деп берілген адам — басқа тұлға, оның қызметі техникалық сипаттағы міндеттермен ғана шектеледі.

Франция тарабы үндістандық Rafale ұшағының жойылғаны жайлы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Операция кезінде әскери әуе техникаларының жоғалуы жөнінде расталған дерек жоқ.

Бұл жағдай — халықаралық тақырыптарда жалған ақпараттың қалай тез тарайтынын көрсететін мысал. Пәкістан медиасындағы мәлімдемелер расталмаған және French Navy тарапынан толық теріске шығарылған.

Оқу үшін