NoFake

ЖИ-ді қолданған студенттер жұмысы қалай тексеріледі: вице-министр жауабы

Фото: ОКҚ

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова «ЖОО студенттері жұмыстарында ЖИ-ді қолдана ма және ол қалай тексеріледі?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Оның айтуынша, қазіргі күні университеттерде студенттердің жұмыстарында ЖИ-ді қолдынылуын тексеретін арнайы құралдар бар.

«Ұстаздар студенттер жұмыстарында ЖИ-ді қолданылды ма, жоқ па, соны білетін көптеген құралдар бар. Солардың ішінде университеттер өздері даярлаған әзірлемелер де бар. Мысалы, Шәкәрім университетінің ұстаздары студенттермен бірге ЖИ-ді қолданғанын білетін AI агент ойлап тапты. Яғни, педагог осы құралға студент жұмысын жүктейді, ол сараптап, қай тұстарда ЖИ қолданғанын көрсетеді. Міне осындай құралдар қолданылады және олар көп», — деді ол.

Оның айтуынша, университеттер «Әділдік лигасы» аясында көптеген университеттер регламенттерді бекітіп, осындай тексерулер жүргізе алады.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова брифинг берген еді. Брифинг барысында вице-министр AI-Sana бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндама оқып, тілшілердің сұрағына жауап берді.

Оқу үшін