Жамбыл облысында әскери дрон штаттан тыс қонды

Фото: Inform.kz
2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданы аумағына штаттан тыс қонды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген.
«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ», – делінген ресми хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аумақты тексеру және оқиғаның нақты себептерін анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.


