NoFake

«Жалған алдын ала тапсырыс беру»: Полиция iPhone-ға қатысты алаяқтықты әшкереледі

Фото: pixabay.com

Абай облысының полицейлері қазақстандықтарды жаңа iPhone-ға жалған алдын ала тапсырыс беруге қатысты алаяқтық схема туралы ескертті, деп хабарлайды Nofake.kz.

Полиция мәліметінше, алаяқтар жабық Telegram-арналар ашып, жаңа смартфондарды сатылым басталған кезде нарықтағы бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде береді.

«Арзан бағаны тауарды көтерме бағамен сатып алумен түсіндіреді. Сенімге кіру үшін жалған жүкқұжаттар, смартфон қораптарының фотосуреттері және курьерлер мен қойма қызметкерлерімен болған деген жалған хат алмасуларды көрсетеді», — делінген хабарламада.

Одан бөлек, алаяқтар сатып алушылардан алдын ала төлемді жеке тұлғаның банк картасына аударуды немесе криптовалюта арқылы төлеуді сұрайды.

«Ақшаны алғаннан кейін алаяқтар Telegram-арнаны өшіріп, клиентті бұғаттайды және байланысқа шықпай қояды. Полиция азаматтарға тым тиімді ұсыныстарға сенбеуге, сатушы туралы ақпаратты алдын ала тексеруге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді. Смартфондар мен басқа да техниканы ресми дүкендерден сатып алған жөн», — делінген хабарламада.

Осыған орай, полиция банк картасының деректемелерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада қаржы пирамидасының басшысының сотталғаны туралы хабарлаған едік.

Оқу үшін