WhatsApp арқылы алдау: Павлодарда алаяқтық схемалар әшкереленді

Фото: Gov.kz
Павлодарда «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде 98 алаяқтық дерегі әшкереленді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Олар sim-карталарды рәсімдеп, «WhatsApp» мессенджерінде аккаунттар тіркеп, кейін оларға қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берген. Осылайша, бұл аккаунттар қазақстандықтарға қоңырау шалып, алдау мақсатында пайдаланылған.
«Интернеттегі мұндай «жұмыс» — қылмысқа сыбайласу болып табылады. Ірі компаниялар ешқашан сіздің банк картаңыздың деректерін ақша «аудару» үшін сұрамайды. Абоненттік нөмірлерді «SMM ілгерілету» үшін жалға беру туралы ұсыныстар — жалған әрі қылмыстық схема», — делінген хабарламада.
Осы ретте, полицейлер облыс тұрғындарын сақ болуға және егде жастағы туыстарымен міндетті түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Сондай-ақ, алаяқтарға тап болған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласып, «Police.102» мобильді қосымшасын пайдаланған жөн.
«Уақытылы берілген ақпарат полицияға қылмыскерлерді анықтауға және жүздеген жаңа алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аталған профилактикалық іс-шара 30 сәуірге дейін жалғасады.


