Үндістанда 9 банк қосылады деген хабарлама жалған болып шықты

Фото: Depositphotos
Әлеуметтік желілерде Үндістандағы тоғыз мемлекеттік банк үш ірі банкке біріктіріледі деген ақпарат тарады. Алайда елдің Баспасөз ақпарат бюросы (PIB) бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz The economic Times порталына сілтеме жасап.
Желіде тараған құжат Қаржы министрлігі шығарған ресми хабарлама ретінде көрсетілген. Онда Canara Bank, Indian Bank және тағы бірнеше банкті SBI, Punjab National Bank және Bank of Baroda құрамына қосу туралы айтылған.

«Әлеуметтік желілерде Орталық үкімет тоғыз мемлекеттік банкті үш ірі банкке біріктіру туралы шешім қабылдады деген жазба тарады. Алайда Үндістанның Баспасөз ақпарат бюросының фактчек бөлімі бұл ақпаратты жоққа шығарды», – деп мәлімдейді басылым.
Бұл Үндістанда банктердің бірігуіне қатысты алғашқы жалған ақпарат емес. Бұған дейін де осындай хабарламалар тараған.
«Айта кетейік, 2019 жылы Үндістан үкіметі 10 мемлекеттік банкті төрт банкке біріктірген. Алайда қазіргі таңда тоғыз банкті үш банкке біріктіру туралы ресми шешім жоқ», — дейді мамандар.
Айта кетейік, біз бұған дейін Үндістандағы Нипах вирусының бес жағдайы туралы хабар жалған болып шыққанын жаздық.


