NoFake

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: depositphotos

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі бүгін Астана уақытымен сағат 11:28-де болған, деп хабарлайды NoFake.kz.

26 мамырда әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы жер асты дүмпулері туралы ақпарат тарады. Қолданушылар мұны жарылыс жұмыстары болуы мүмкін деп болжаған. Алайда мамандар бұл нұсқаларды жоққа шығарып, жер сілкінісі болғанын растады.

Скрин әлеуметтік желіден

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде Павлодар облысында орналасқан.

«Жер сілкінісінің координаттары: 50.47º с.е., 76.47º ш.б. Тереңдігі – 30 км. Есептік қарқындылығы (баллмен): Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы – 2 балл.Іс-қимылдарды үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр»,-деп хабарлады ТЖ қызметі.

Сондай-ақ, тұрғындар үшін жедел желі телефоны ашылды: 8 (7182) 20-11-12.

Оқу үшін