Студенттер «сақтандырылған» мәртебесін қалай сақтай алады

Фото: Depositphotos
Міндетті әлеуметтің медициналық сақтандыру қоры студенттер «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына байланысты жиі жүгінетінін айтты, деп хабарлайды NoFake.kz.
Мұндай жағдай не істеу керек?
«Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, МӘМС жүйесіндегі жеңілдігі бар санатқа жатасыз. Бұл жағдайда сіз үшін жарналарды мемлекет төлейді, өз бетінше төлем жасаудың қажеті жоқ. Егер сіз оқумен қатар жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады», — дейді мамандар.
Егер азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және күндізгі бөлімде оқыса, ол да МӘМС-ке жарна төлеу міндетті емес.
Айта кететін жайт, Қор жеңілдік санатын тағайындамайды. Бұл мәртебе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде автоматты түрде қалыптасады.
«Сақтандырылған» мәртебесін сақтау үшін жеңілдік санатының бар-жоғын Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы тексеріп тұруды ұсынамыз. Егер мәртебеңіз көрінбесе, деректерді түзету үшін өзіңіз оқитын жоғары оқу орнына хабарласыңыз», — дейді МӘМС өкілдері.
Ал шетелде оқитын студенттер «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін egov.kz порталында өз бетінше тіркеледі.


