NoFake

СІМ Қазақстанда босқындарға орталықтар ашу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі Еуроодақпен Қазақстан аумағында босқындарға арналған орталықтар құру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев баспасөзге арналған брифингте мәлімдеді.

«Орталық туралы келісім жүргізілген емес. Біздің азаматтар үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесі ғана қарастырылып жатыр», -деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, бұл талқылаулар реадмиссия туралы келісіммен қатар жүріп жатыр.Министрлік өкілінің айтуынша, пікірталасқа Politico басылымында жарияланған материал себеп болған. Онда Еуроодақта осындай бастама талқыланып жатқаны айтылған. Аталған келісім Қазақстан азаматтары шетелге заңсыз кеткен жағдайда оларды елге қайта қабылдауды міндеттейді.

Оқу үшін