NoFake

СІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады

Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұған дейін АҚШ-та із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың қаза тапқанын растады, деп хабарлайды NoFake.kz.

ҚР СІМ мәліметінше, АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін мәйіті табылған адамның жеке басын анықтаған. Енді қаза тапқан адамның Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екені белгілі болды.

«Орын алған ауыр қазаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шынайы әрі терең көңіл айтамыз», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен өзара іс-қимылды жалғастырып, марқұмның отбасына қолдау көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ билігі Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатын.

Оқу үшін