Құрылтай депутаттығына үміткерлер сайлауға қатысудан бас тарта ала ма

Фото: pixabay.com
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте елімізде алдағы Құрылтай сайлауына қанша партия неше депутат ұсынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Nofake.kz.
Сондай-ақ, ОСК өкілдері партия тізіміне еніп, алайда кейін сайлауға қатысудан бас тартатын үміткерлердің не істеу қажеттігін түсіндірді.
«Ол үшін үміткер ең алдымен Орталық сайлау комиссиясына жазбаша түрде өтінім жазу керек. Сосын ол өтінімді ОСК мүшелері қарап, кейін тиісті шешім шығаратын болады. Бір ескеретін мәселе, үміткерлер оны міндетті түрде сайлау күнінен 2 күн бұрын жазуы керек. Егер өйтпеген жағдайда, ол үміткерлер тізімінен шығарылмайды», — деді ОСК өкілдері.
Одан бөлек, ОСК алаңында өткен брифинг барысында, елімізде Құрылтай сайлауына арналған партиялық тізімдерді 7 саяси партия ұсынғаны белгілі болды. Ведомство жалпы саны 546 кандидат тіркелгенін мәлімдеді.
«Ең көп кандидат ұсынған – «Әділет» партиясы. Партия тізіміне 186 адам енгізілген», — деді ОСК өкілі.
Одан кейін:
- Respublica партиясы – 76 кандидат;
- Қазақстанның Халық партиясы – 72 кандидат;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 63 кандидат;
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат.
Айта кетейік, Қазақстанда 23-ші тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. ОСК партия тізіміне енген үміткерлерді тіркеу 23 шілде, түнгі 00:00-де тоқтайтынын жеткізді.


