NoFake

Қазақстандықтарды дроппер ретінде пайдаланған алаяқтық схема әшкереленді

Фото: Depositphotos

Астанада алаяқтар азаматтарды ұялы байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, алдап кеткен, деп хабарлайды NoFake.kz.

Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ақшаны дропперлердің банктік шоттары арқылы басқа қатысушыларға аударғаны анықталған.

Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Сонымен қатар құқық қорғау органдары ұрланған қаражаттың соңғы алушыларын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

CyberPol қызметкерлерінің мәліметінше, соңғы уақытта азаматтарды қылмыстық схемаларға “дроппер” ретінде тарту фактілері көбейген. Әдетте алаяқтар интернет арқылы “оңай табыс” ұсынады. Мысалы, белгілі бір сыйақы үшін банк картасын рәсімдеуді, жеке шот деректерін беруді немесе басқа адамдарға ақша аударуды сұрайды.

Полиция мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Өйткені ұрланған қаржы өткен банктік шот иелері де алаяқтық схемасына қатысы бар тұлға ретінде жауапқа тартылуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырып, әсіресе егде жастағы туыстарына кең таралған алаяқтық тәсілдері туралы ескертіп отыру қажет екенін айтты.

Оқу үшін