Қазақстанда киберқылмыс көрсеткіштері төмендегені рас па

Фото: polisia.kz
ҚР ІІМ-нің орынбасары Санжар Әділов Қазақстандағы киберқылмысқа қатысты соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство өкілінің айтуынша, бүгінде елімізде интернет алаяқтық саны едәуір азайған.
«Жалпы интернет алаяқтықтың саны ел бойынша 40%-ға азайды. Қазіргі таңда 6 млрд-тан астам келтірілген залал қайтарылды. Сонымен қатар, 170 млн-нан астам жалған қоңыраулар бұғатталды. Одан бөлек 5,5 млрд-тан астам қаражатты алаяқтардан сақтап, тосқауыл қойдық», — деді ол.
Сонымен бірге ҚР ІІМ орынбасары осы жылдағы интернет алаяқтық көрсеткіштеріне де тоқталды.
«Осы жылдың 8 айындағы интернет алаяқтық көрсеткіштеріне келер болсақ, көрсеткіштер 13%-ға төмендеді. Тек 2025 жылы 16564 қылмыс тіркелсе, биыл 14417 факт тіркелген. Қылмысты ашу көрсеткіші 7%-ға жақсарды. Қазіргі таңда банк реквизиттерін үшінші тұлғаға бергені үшін, қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Одан бөлек Антифрод жүйесі іске қосылды», — деді ол.
Сонымен бірге ол былтырғы жылы орын алған 16 млн қазақстықтардың жеке деректерінің таралуы туралы фактіге қатысты қылмыстың істің мән-жайына тоқталды.
«Аталған факт бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда жедел тергеп-тексеру жұмысының нәтижесінде, 3 адам күдікті деп танылды. Оларды қамауға алу туралы сот санкциясы бар», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ жалған смартфон ұтысымен жеке деректерді жинау оқиғасына қатысты азаматтарға ескерту жасаған еді.


