NoFake

Қаржы министрі инвестициялық компанияларға лицензия береді — фейк

Фото: Depositphotos

ҚР Қаржы министрлігі инвестициялық компанияларға лицензия беруге қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.
Бұл ретте министрлік әлеуметтік желілерде таралып жатқан Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиевтің «инвестициялық қызметті жүзеге асыратын компанияларға лицензия» береді деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Аталған ақпарат жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайды», — делінген хабарламада.

Ведомство елімізде белгіленген заңға сәйкес инвестициялық компаниялардың, брокерлердің және қаржы нарығындағы басқа да кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялауды, тіркеуді және қадағалауды тек қана уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетінін еске салды. Сондай-ақ, министрлік Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, қолданыстағы тәртіп бойынша тиісті рұқсат алуға міндетті екенін атап өтті.

Қаржы министрлігі азаматтарға сақ болып, қырағылық танытуға және қаржы ұйымдарының қаншалықты заң аясында жұмыс істейтінін тек ресми мемлекеттік тізімдер арқылы тексеруге кеңес беретінін мәлімдеді.

Оқу үшін