NoFake

Қайрат Нұртастың концертіне билет сатқан: Семейде жалған билет сату фактісі тіркелді

Фото: Instagram/kair_n

Семейде әлеуметтік желі арқылы Қайрат Нұртастың концертіне билет сатуды ұсынған күдікті ұсталды. Ол студент қызды алдап, оған 10 мың теңгеге билет сатпақ болған, деп хабарлайды Nofake.kz.

Семей қаласының полициясына медициналық колледж студенті алаяқтық фактісі бойынша арыз жазған. Жәбірленуші белгісіз адам әлеуметтік желі арқылы оған Қайрат Нұртастың концертіне билет сатып алуын ұсынып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен 10 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгенін айтқан. Колледж студенті ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Ұрланған ақша қаражаты тәркіленді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хат алмасудың скриншоттары мен ақша аударымының түбіртегі алынғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Оқу үшін