Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрт оқшауланды: Зардап шеккендер бар

Скрин видеодан
Өскемендегі Казцинк кәсіпорны аумағында болған өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт шаң ұстау цехында газ-ауа қоспасының жарылуынан кейін тұтанып, ішінара опырылу болған.
«Қазір оқиға орнында құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, өрт ошақтарын толық сөндіру үшін су құю жұмыстарын жүргізіп жатыр.Алдын ала дерек бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Зардап шеккендер мен басқа адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда»,-деп хабарлады ТЖ министрлігінің өкілдері.
Өртті жоюға 40 адам жеке құрам мен 10 техника жұмылдырылған. ТЖМ жанынан жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері енгізілді.
Қазіргі уақытта өрттің нақты аумағы мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.


