Министрлік Эбола вирусына қатысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: depositphotos
Денсаулық сақтау министрлігі Конго Демократиялық Республикасы мен Uganda аумағында Эбола қызбасының өршуіне байланысты қазақстандықтарға сақтық шараларын ұстануды ескертті, деп хабарлайды NoFake.kz.
Ведомство мәліметінше, аурудың таралуына Эбола вирусының сирек кездесетін Bundibugyo штаммы себеп болып отыр.
«Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Сондықтан шетелге сапар барысында жеке бас гигиенасын сақтау, эпидемиологиялық жағдайды алдын ала тексеру және денсаулық жағдайына мұқият болу аса маңызды», – деп хабарлады министрлік.
World Health Organization аталған жағдайға байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялаған. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек кездесетін Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емдеу тәсілі де жоқ.
Министрлік мәліметінше, шетелден оралғаннан кейін де денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер дене қызуы көтеріліп, әлсіздік немесе өзге де белгілер байқалса, дереу дәрігерге жүгініп, шетелде болғаныңызды міндетті түрде хабарлау керек.
Мамандар өз бетінше емделмеуге шақырып, сапар алдында сақталуы тиіс негізгі алдын алу шаралары арнайы карточкаларда көрсетілгенін мәлімдеді.


