NoFake

Мамыр мерекелерінде ХҚКО қалай жұмыс істейді

Фото: Gov.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады.

Мекеме мәліметінше, орталықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні жұмыс істемейді.

Ал 2 және 11 мамыр күндері кезекші ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Бұл күндері орталықтар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүргізіліп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

«Мереке күндерінен тыс уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді», — деп хабарлады мемлекеттік корпорация.

Кезекші орталықтардың нақты тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Оқу үшін