«Мамонт» схемасы, Тарзанның дипфейгі және тасжолдағы фотосессия

Коллаж: NoFake.kz
Интернетте күн сайын мыңдаған ақпарат тарайды, бірақ оның қаншасы шындық? NoFake.kz жобасының кезекті шығарылымында әлеуметтік желілерде қызу талқыланған фейктер мен алаяқтық схемалар сарапқа салынды.
Алаяқтар «жоғалған ақшаңызды қайтарып береміз» деп Қаржы нарығын реттеу агенттігінің атынан жалған құжат таратты. Ал миллиондаған шығынға әкелген «Мамонт» схемасы Қазақстанға жетті ме?
Жасанды интеллект те арандату құралына айналып отыр. Сергей Глушконың (Тарзан) атынан тараған Қазақстанға қатысты видеоның артында не тұр? Колумбиядағы жер сілкінісінен кейін тараған үйдің құлау сәті бейнеленген видео неге фейк болып шықты?
Сондай-ақ Қазақстанда қант өндірісі шынымен жеті есе азайды ма, 17 миллион теңгесінен айырылған зейнеткердің оқиғасы қалай өрбіді және сайлауалды үгіт кезінде қандай әрекеттерге тыйым салынады? Осы және өзге де ақпараттарды жаңа шығарылымда талдаймыз.


