NoFake

Көші-қон саласындағы өзгерістер: скоринг жүйесі қалай жұмыс істейді

Фото: ortcom.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздегі көші-қон саясатының өзгеруі қандастардың елге келу көрсеткішіне қалай әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Минстрдің сөзінше ведомство былтырғы жылы көші-қон саясатын жетілдіру бойынша 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіткен.

«Биыл ақпаннан бастап біз пилоттық жобаны бастадық. Біз жалпы келіп жатқан барлық азаматтарға есігіміз ашық, оларды тек қолдаймыз. Егер жұмыс жасаймын десе, оның тәртібі бар, азаматтық аламын десе, оның да тәртібі бар. Пилоттық жоба бойынша енгізіліп отырған жаңашылдық ол — скоринг. Яғни, оның білімі қандай, бәрі қаралады», — деді министр.

Оның сөзінше аталған жоба бойынша, егер эмигрант арнайы тізімдегі мамандық иесі болса, онда оған жеңілдікпен тұрақты тұру мәртебесін беруге болады. Сонымен бірге, елге келетін азаматтарға арнайы республика бойынша 7 өңір қарастырылғанын атап өтті. Айтуынша, осы арқылы елге келген азаматтар жұмыспен қамтылып, олардың балаларын балабақшаға орналастыру мүмкіндігі болады.

Одан бөлек, еңбек министрі елге келгісі келетін азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін де түсіндіріп өтті.

«Біріншіден, көшіруге көмек көрсетеміз, арнайы жәрдемақы береміз. Екіншіден, үй немесе пәтер жалдауға екінші жәрдемақыны береміз. Бір жылдан кейін, ол экономикалық сертификатын алып, үй ала алады», — деді ол.

Сонымен бірге, ведомство басшысы скоринг кезеңдерін де мәлімдеді.

«Алдымен тіл жағынан текст тапсыру. Екіншіден, анкета толтыру. Үшіншіден, ІІМ мен ҰҚК-тен тексеруден өту. Тексеруден өткеннен кейін, сұхабаттасады, сөйтіп көші-қон полициясына, тұрақты тұруға тіркелетін болады», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорға министрі Асқарбек Ертаев арнайы брифинг берді.

Оқу үшін