Каспийдегі қайғылы жағдай: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды

polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Каспийдегі қайғылы жағдайға байланысты әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство мәліметінше, сот санкциясымен ол бүгінде қамауға алынған.
«ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында қызметке салғырт қарағаны үшін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», — делінген ІІМ-нің баспасөз қызметі ұсынған мәлімдемеде.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу барысында 14 сарбаз қаза тапқан еді. Қайғылы жайтқа қатысты қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр.


