NoFake

Италия мен Германияда бағдаршамдар аптап ыстықтан «еріп кетті» — фейк

Скрин видео

Интернетте Италия мен Германияда ауа температурасы шамамен 45 градусқа жеткендіктен бағдаршамдар еріп кеткені туралы жазбалар жарияланды. Авторлар мұны «Еуропаның аптап ыстықтан еріп жатқанының дәлелі» ретінде көрсетеді.

Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Reuters агенттігінің анықтауынша, видеолардың бірі шынымен Италияның Венето өңірінде маусым айындағы ыстық кезінде түсірілген. Бірақ жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бағдаршамның бүлінуіне аптап ыстық емес, техникалық ақаудан өртенген автокөлік себеп болған.

Ал екінші видео өткен жылы Берлинде түсірілген. Онда да деформацияланған бағдаршам көрінеді. Алайда ол жақын маңдағы түнгі клубта болған өрттің салдарынан зақымданған. Оқиға болған күні ауа температурасы маусымға тән қалыпты деңгейде болған.

Осылайша, әлеуметтік желілерде таралған жазбаларда шынайы кадрлар пайдаланылғанымен, олардың бүліну себебі бұрмаланған. Бағдаршамдар Еуропадағы аптап ыстықтан емес, өрттің салдарынан зақымданған.

Оқу үшін