NoFake

Instagram арқылы «қосымша табыс» таппақ болған астаналық түрмеге түсті

Фото: depositphotos


Елордада «Instagram» арқылы табыс табуды көздеген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 2000 доллар сыйақы үшін тұрғын үйге жанғыш құрылғы лақтырған, деп хабарлайды NoFake.kz.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті интернет арқылы ұсынылған заңсыз тапсырманы орындауға келісіп, алдын ала дайындалған жанғыш құрылғыларды тұрғын үйге қарай лақтырған.

Оқиға кезінде үй ішінде адамдар болған. Соған қарамастан, айыпталушы өз әрекетінің салдарын түсіне отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

«Әлеуметтік желілер арқылы ұсынылатын заңсыз әрекеттерге қатысу сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке әкеледі», – деп ескертті Астана қаласының прокуратурасы.

Қылмыс оған байланысты емес мән-жайларға байланысты соңына дейін жеткізілмеген. Соған қарамастан, сот оны бөтеннің мүлкін жоюға оқталу бабы бойынша кінәлі деп таныды. Айыпталушының бұрынғы соттылығы да ескеріліп, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Күмәнді “қосымша табысқа” келісу арқылы азаматтар тек өз бостандығына ғана емес, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура тұрғындарды әлеуметтік желілердегі күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырады.

Оқу үшін