NoFake

Halyk Bank сервистердегі ақаудан кейін DDoS-шабуыл туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: halykbank.kz

Банк өкілдері кешегі ақау DDoS-шабуылмен байланысты болмағанын мәлімдеді. Оған кейбір сервистердегі техникалық ақаулар себеп болған.

Кеше, 6-қазан Halyk Bank қосымшасының қолданушылары сервис жұмысындағы ақауларға тап болды. Қолданушылар қосымша кіріп, төлем жасап, банктің басқа қызметтерін пайдалана алмаған. Әлеуметтік желіде қолданушылар ақаудың себебін талқылап, кейбірі банкке DDoS-шабуыл жасалған болуы мүмкін деген болжамдарымен бөліскен.

Скрин әлеуметтік желіден.

Редакция банктің бапсасөз қызметіне жүгінді. Halyk Bank DDoS-шабуыл туралы болжамды жоққа шығарды. Банк мәліметінше, ақауға кейбір сервистердегі техникалық мәселелер себеп болған.

«DDoS-шабуыл туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Halyk мобильді қосымшасы мен Onlinebank жұмысында уақытша техникалық ақаулар байқалды. Барлық сервистің жұмысы кеше қалпына келтірілді», – деп хабарлады банк.

Бұған дейін NoFake.kz мемлекеттік жүйелерге жасалатын кибер шабуылдардың басты себебін жазған болатын.  

Оқу үшін