Ерлан Қошанов өзі жайлы тараған фейк ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: Видеодан скрин. Сапасы ЖИ көмегімен жақсартылды
Парламент Мәжілісінің экс-төрағасы Ерлан Қошанов өзі жайлы жақында әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты пікірді білдірді деп хабарлайды NoFake.kz.
Құрылтай сайлауында дауыс беруге келген Ерлан Қошанов журналистердің әлеуметтік желіде өзінің «ұсталғаны жайлы» сұрағына жауап берді.
«Бұл жалған ақпарат екені белгілі ғой. Ол кейбір деструктивті ресурстарда жарияланды. Олардың мақсаты елдің арасына іріткі салу, қоғамды адастыру болды деп ойлаймын. Сондықтан біздің тұрғындарымызға мұндай жалған дереккөздерге сенбей, ресми ақпарат көздеріне сүйенуіміз керек дегім келеді», — деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, бұған дейін біз ҚР СІМ басшысы мен кәсіпкер Гаджиев ұсталғаны жайлы жалған ақпарат тарағаны туралы жаздық.


