NoFake

eGov-та жеке кабинетке кіру тәртібі өзгерді

Коллаж NoFake.kz

ҚР ҰКО жеке кабинетке кіру тәртібін қатаңдатты, деп хабарлайды NoFake.kz.


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО) жеке кабинетті қорғауды күшейтті. Енді пайдаланушылар жүйеге кірмес бұрын екі факторлы аутентификациядан өтуі керек.


ЭЦҚ кілті мен құпия сөзден бөлек, қосымша растау талап етіледі. Бұны екі тәсілмен жүзеге асыруға болады: Мобильді азаматтар базасында тіркелген нөміріңізге келген SMS-кодты енгізу; eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық жеке куәліктен алынған код арқылы кіру.


«Аталған механизм Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қатысты қолданылмайтынын атап өткен жөн, өйткені олардың телефон нөмірлері ҚР Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген», — дейді ҰКО өкілдері.


Компаниядағылардың айтуынша, қосымша тексеру пайдаланушылардың есептік жазбасын (аккаунтына) бөтен адамнан қорғауға көмектеседі.

Оқу үшін