NoFake

Депутаттық мандат партияларға қалай бөлінеді — ОСК хатшысы түсіндірді

Фото: NoFake.kz

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов депутаттық мандаттың қандай әдіспен бөлінетінін айтып берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Оның айтуынша, басты тәсіл нақты математикалық формулаға негізделген.

«Сайлауда 5 және одан көп пайыз дауыс жинағандар арасында дауыстардың сомасы мандаттар санына бөлінеді, бізде олар -145. Бөлу нәтижесінде шыққан сан — бұл квота. Енді 5 және одан да көп пайыз алған әрбір партияның дауысы, яғни, оларға дауыс бергендердің дауысы осы квотаға бөлінеді де, мандаттар саны шығады. Онда тағы да шағын бөлшектер бар, қалып қойғандары сол жерде қайта бөлінеді, бірақ бұл да осы формулаға сәйкес жүзеге асады. Негізгі мандат санын есептеу тәсілі осылай», — деп түсіндірді ОСК хатшысы Шавкат Өтемісов.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай сайлауы бойынша exit poll нәтижелері жарияланған еді. Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасында «Әділет» партиясы 71,8%, ал «СОЦИС-А» зерттеуінде 70,7% дауыс жинаған. Кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, «Әділет» партиясы 71%-дан астам дауыс жинап, көш бастады. Ал жеті партияның бесеуі 5 пайыздық межеден өтті.

Оқу үшін