Құрылтай сайлауы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды

Фото: NoFake.kz
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
▪️«Әділет» партиясы – 71,17%
▪️«ЖСДП» партиясы – 5,11%
▪️«Байтақ» партиясы – 1,07%
▪️«ҚХП» партиясы – 3,11%
▪️«Ауыл» партиясы – 6,26%
▪️«Ақ жол» партиясы – 5,21%
▪️«Respublica» партиясы – 5,56%
▪️«Бәріне қарсымын» – 2,51%.
Құрылтай сайлауына барлығы 9 351 539 адам қатысқан. Сайлаушылардың 74,08%-ы дауыс берген. Бұған дейін Еуразиялық интеграция институты мен «СОЦИС-А» Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша жүргізген exit poll нәтижелерін жариялаған еді. Екі сауалнамада да «Әділет» партиясы 70%-дан астам дауыс жинаған: Еуразиялық интеграция институтының дерегінде — 71,8%, «СОЦИС-А» сауалнамасында — 70,7%.


