NoFake

Цифрлық кодекс: жеке деректер тек рұқсатпен берілетіні рас па

Фото: Freepik.com

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазіргі таңда жеке деректерді әлдкімге берген уақытта, азаматтардан міндетті түрде рұқсат сұралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

«Қазір сіздің рұқсатынсыз ешкім ала алмайды. Сізге 1414-тен алдымен смс-хабарлама келеді. Осындай портал немесе банк сіздің құжаттарыңызды сұрап жатыр деп. Яғни келісіммен ғана сіздің жеке мәліметтеріңіді ала алады. Егер де ол сіз рұқсат бермей жеке дерек кететін болса, онда әкімшілік, қылмыстық баптар бойынша жауапкершілікке тартылатын болады. Соның барлығы кодексте жасалған», — деді ол.

Сондай-ақ ведомство өкілі жеке деректер таралған уақытта, оған заңда жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

«Цифрлық кодекс жазылған кезде біз жалпы қандай мәселелер бар, сол сұрақтардың бәрі қаралды. Қандай ашғымдар келіп түсті, қандай проблемалар бар деген сияқты. Былтыр осындай бір-екі жағдай болды, бірақ олардың барлығында, нақты қылмыстық баптармен жауапкершілікке тартылатын болады», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Қазақстанның киберкаржылық қалқаны: алаяқтық туралы ақпаратты жоққа шығарамыз» атты форум өтіп жатыр. Оған салаға жауапты бірнеше құзырлы ведомство өкілдері мен сарапшылар қатысуда.

Оқу үшін