NoFake

BTS концертіне фейк тур: Қазақстандық турагент ресейліктерді 2 млн рубльге алдап кеткен

Фото: Depositphotos

Қазақстандық турагент Индира Абдикаримова оңтүстіккореялық BTS тобының жанкүйерлерін бірнеше миллион рубльге алдап кеткен. Бұл туралы SHOT Telegram-арнасы хабарлады.

«Абдикаримова BTS тобының Пусандағы концертіне фейк турлар сатқан. Оның әрекетінен келген жалпы шығын 3,5 млн рубльден асуы мүмкін, оның 2 млн рублі ресейліктерге тиесілі. Турагент екі бағыттағы әуе билетін, жақсы қонақүйге орналастыруды және концерт билеттерін уәде еткен. Алайда туристер барған жерінде қонақүй нөмірлері брондалмағанын, ал концерт билеттерінің жалған екенін білген», – деп жазылған арнада.

Басылым мәліметінше, турагент клиенттеріне екі бағыттағы әуе билетін, жақсы қонақүйге орналастыруды және концерт билеттерін қамтитын тур ұсынған. Алайда жанкүйерлер барған жерінде қонақүйдегі бөлмелердің брондалмағанын, ал концерт билеттерінің жалған екенін білген.

Басылым Абдикаримованың осыған ұқсас схеманы Гонконгтағы BLACKPINK тобының концерттеріне тур сату кезінде де қолданғанын жазады.

Зардап шеккендердің айтуынша, турагент әлеуметтік желіде мәселені шешіп, ақшаны қайтаруға уәде берген. Алайда кейін байланысқа шықпай кеткен.

Бұған дейін, шілде айында BTS жанкүйерлері Чилиде жоспарланған концерттің тоқтатылуына байланысты наразылық акциясын ұйымдастырған еді. Сондай-ақ BTS Grammy сыйлығында арнайы «азиялық» санаттың пайда болуына байланысты шараға қатысудан бас тартқаны хабарланған.

Оқу үшін