NoFake

БРИКС көшбасшыларының «селфиі» — дипфейк

Фото: Lighthouse Journalism

Әлеуметтік желілерде БРИКС елдерінің көшбасшыларының бірге түскен суреті кеңінен тарады. Алайда фактчекерлер оның жасанды интеллект көмегімен жасалғанын анықтады, деп хабарлайды NoFake.kz үндістандық Lighthouse Journalism басылымына сілтеме жасап.

Вирустық суретте Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса және Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раиси бейнеленген.

Сурет әлеуметтік желілерде 2026 жылғы Нью-Делидегі БРИКС саммиті кезінде түсірілген топтық селфи ретінде жарияланған. Алайда фактчекерлер суреттегі тұлғалардың саммитке қатысуын тексеріп, сәйкессіздіктерді анықтады.

Скрин әлеуметтік желідегі жазбадан

«Суретте 2026 жылғы BRICS саммитіне қатыспаған бірнеше көшбасшы бейнеленген»,- деп жазады авторлар.

Мәселен, мамандар Бразилия делегациясын президент Луис Инасиу Лула да Силва емес, сыртқы істер министрі Мауро Виейра басқарған. Ал БАӘ атынан ел президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян емес, Абу-Даби тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қатысқанын жазады.

Суреттің жалған екенін көрсететін ең маңызды белгілердің бірі — онда Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раиси де тұр. Раиси 2024 жылғы мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан.

Фактчек барысында суреттің жасанды интеллект арқылы жасалғанын анықтау үшін арнайы құралдар да қолданылған.

«HIVE Moderation құралы суреттің AI арқылы жасалған болу ықтималдығын 99,9 пайыз деп бағалады»,- дейді фактчекерлер.

Сонымен қатар суреттің түпнұсқалығын тексеру кезінде оның нақты іс-шарада түсірілген фотосурет екенін растайтын сенімді дерек табылмаған.

Оқу үшін