Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі жарияланды

Фото gov.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау кестесін бекітті, деп хабарлайды NoFake.kz.
Министрлік мәліметінше, құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналарға өтініш беру процесін ыңғайлы ету үшін қолға алынған.
Құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы OQU платформасында онлайн тапсыруға немесе білім беру ұйымдарына тікелей барып өткізуге болады.
Өңірлер бойынша қабылдау мерзімі төмендегідей белгіленді:
27 мамыр – 31 тамыз аралығы: Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.
10 маусым – 31 тамыз аралығы: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
18 маусым – 31 тамыз аралығы: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.
29 маусым – 31 тамыз аралығы: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.


