NoFake

Банктік деректерін берген: ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды

Фото: Depositphotos

Теректі аудандық соты ерлі-зайыптыларға қатысты үкім шығарды. Олар дропперлік схемаға қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Сот мәліметінше, айыпталушылар өздерінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға беріп, заңсыз ақша аударымдары мен қолма-қол қаражатқа айналдыру тізбегіне қатысқан. Нәтижесінде жәбірленушілерге 1 млн 460 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Үкім заңды күшіне енді.

«Дропперлік — қылмыстық жауаптылыққа әкелетін әрекет. Мұндай схемаларға қатысқаны үшін мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған», — деп ескертті Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

Қадағалау органы азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Оқу үшін