NoFake

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: тұрғындарға ескерту жасалды

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: тұрғындарға ескерту жасалды

Фото: Gov.kz

Бүгін, 13 қарашада Астанада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты жаттығу өтетін аумақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды NoFake.kz.

Терроризмге қарсы орталықтың мәліметінше, оқу-жаттығу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайындағы Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында ұйымдастырылады.

«Шараның мақсаты – құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру», – делінген орталық хабарламасында.

Оқу-жаттығу кезінде университет аумағында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер қою қарастырылған. Штаб тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

«Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз», – деп мәлімдеді елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Хабарламада аталған іс-шараның жоспарлы оқу-жаттығу екені көрсетілген. Тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралады.

Оқу үшін