NoFake

Астана көшелеріндегі әскери техника: МКҚ мән-жайды түсіндірді

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік күзет қызметі Астанадағы әскери техниканың жүруіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Бүгін елорда тұрғындары Threads әлеуметтік желісінде Астана жолдарында байқалған әскери техника түсірілген бейнежазбаларды жариялай бастаған еді. Мемлекеттік күзет қызметі көшеде техниканың жүру себебін түсіндірді. Ведомство мәліметінше, 5 және 6 қазанда елордада халықаралық саяси іс-шаралар жоспарланған.

«Осыған байланысты іс-шаралар өту кезеңінде қаланың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштерінің ресурстары тартылады. МКҚ елорда тұрғындары мен қонақтарын уақытша қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін желіде тағы да жалған боттар мен аккаунттардың көбейіп, көпшілікке манипуляция жасау деректері бойынша материал жариялаған едік.

Оқу үшін