NoFake

Астана әуежайы 22 мамырдағы уақытша шектеулер туралы ескертті

Фото: Depositphotos

2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 12:00 мен 14:00 аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Әуежай мәліметінше, жаттығу барысында авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, 103 қызметі және әуе компанияларымен бірлескен әрекеттерді пысықтайды.

Осыған байланысты әуежай аумағында арнайы техника мен жедел қызметтердің қозғалысы күшеюі мүмкін. Жолаушыларға уақытша шектеулер мен қызметтік көліктердің жұмысына түсіністікпен қарау сұралды.

Оқу үшін