Ақмола прокуратурасы жалған айғақ үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті

Фото: pixabay.com
Ақмола облысының прокуратурасы сотта жалған айғақ берген Щучинск қаласының тұрғынының 2 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша куә ретінде жауап бере отырып, танысын жауапкершіліктен құтқару мақсатында көлік құралын басқа адамның басқарғаны туралы жалған мәлімет берген.
Алайда сотқа ұсынылған бейнежазба оның сөзін жоққа шығарып, көлікті нақты кім басқарғанын анықтауға мүмкіндік берген.
«Прокурордың өтінішхаты негізінде сот жеке қаулы шығарып, кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы («Көрінеу жалған айғақ беру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда прокуратураның апелляциялық өтінішхаты қаралғаннан кейін облыстық сот сотталғанның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғанын ескеріп, жазаны қатаңдатты»,- делінген хабарламада.
Нәтижесінде сот оны қауіпсіздігі жоғары мекемеде 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған.
Осыған орай, облыстық прокуратура азаматтарға сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрінеу жалған айғақ бергені үшін, азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертті.


