NoFake

Ақмола облысындағы бөгет бұзылуына қатысты ТЖД мәлімдеме жасады

Скрин видео

Ақмола облысында бөгет бұзылуына қатысты ТЖД жауап берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Қорғалжын ауданында «Шоптыкөл» бөгетінің бұзылғаны тіркеліп, қазіргі уақытта апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр,

«Қорғалжын ауданындағы “Шоптыкөл” бөгетінің бұзылуы Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде тіркелді. Қазіргі уақытта суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Апат салдарын жоюға Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, полиция және жол қызметтері жұмылдырылды», – деп мәлімдеді ТЖД.

ТЖД мәліметінше, жалпы 170-ке жуық адам мен 43 бірлік техника тартылды. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқу үшін