Алматы әкімдігі Эминем концертіне қатысты түсініктеме берді

Фото: freepik.com
Алматы қаласы әкімдігі әйгілі рэпер Эминемнің концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Белгілі болғандай, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссия отырысында «Спорттық нысандар дирекциясы» ЖШС бас директоры Есет Байтасов әртістердің халықаралық турнесі аясында өтуі мүмкін концерттік қойылымдар туралы алдын ала ақпаратты жариялады.
«Аталған ақпарат таныстыру сипатында екенін және іс-шаралардың нақты өтетінін растамайтынын атап өткіміз келеді», — делінген хабарламада.
Ұйым мәліметінше, бұл мәселе қазіргі таңда талқылау кезеңінде қаралып жатыр.
«Ресми келісімдерге қол жеткізілген жоқ, күндері мен өткізілетін орындары бекітілмеген», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мекеме ресми ақпарат барлық келісімдер аяқталғаннан кейін қосымша түрде ұсынылатынын жеткізді.


