NoFake

Алаяқтардан 68 млрд теңге қорғалды – Ұлттық банк төрағасы

Фото: Depositphotos

10 / 100 SEO Score

Сенат отырысында Ұлттық банк Төрағасы Тимур антифрод-орталық 68 миллиард теңгеден астам алаяқтық операцияның жолын кескенін мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Бас банкирдің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылым толыққанды іске қосылған.

Бұл жүйе қауіпсіз биометрияны, банкаралық жедел аударымдарды, цифрлық теңгені және заманауи қорғаныс сервистерін біріктіреді. Осы уақытқа дейін айналымға шамамен 340 миллиард цифрлық теңге шығарылса, биыл Үкіметпен бірлескен Жол картасы аясында бұл көрсеткішті 1 триллион теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Тимур Сүлейменов өз сөзінде халықтың қаражатын алаяқтардан қорғау нәтижелеріне ерекше тоқталды.

«Ұлттық банктің маңызды жұмыстарының бірі – қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл. Ұлттық антифрод-орталығының тиімді жұмысы нәтижесінде сомасы 68 миллиард теңгеден астам алаяқтық операцияның жолы кесілді. Осылайша, 95 мыңнан астам азаматтың қаржылық мүддесі мен жинақтары сәтті қорғалды», — деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, Тимур Сүлейменов заманауи цифрлық технологиялар мен антифрод жүйелерін дамыту алдағы уақытта да халықтың қаражатын киберқылмыскерлерден сенімді қорғаудың басты кепілі болып қала беретінін атап өтті.

Оқу үшін