«Alatau city» жобасына қаражат қайдан алынады: Бозымбаев жауабы

Фото: primeminister.kz
Бүгін ҚР Сенатының кулуарында премьер орынбасары Қанат Бозымбаев «Alatau city» жобасына қаражатты қайдан жұмсайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Cондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары ол қаражатқа не салынатынын атап өтті.
«Бұл ең алдымен — электрмен жабдықтау, екіншіден — су жүргізу мен жол тарту, одан бөлек әлеуметтік нысандар. Оның барлығы республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен жүргізіледі. Ол бюджеттің барлығы бұрындары есептелген, тек енді оны кезең-кезеңімен іске асыру бар. Осы кезеңдерді біз енді жеделдететін боламыз», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін ҚР Сенатында ҚР Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері баяндалды.


